Астанада халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалі басталды

03.11.2017

Бүгін Астанада халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалі бастау алды. Биыл жиырмасыншы рет ұйымдастырылып отырған байқауға 500-ден астам үміткер қатысуға ниет білдірген. Олардың арасында Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан, Латвия, Армения сынды елдердің жас таланттары бар. Ұйымдастырушылар комитетінің шешімімен байқауға қатысушылар алты аталым бойынша сынға түседі. Биыл талап күшейген.

Сондай-ақ, осы жолғы өзгешеліктердің бірі балалар прозасына да жеке бәйге жарияланған. Қазірдің өзінде «Үздік әдеби шығарма» аталымы бойынша жүзден жүйрік шыққандар іріктелген. Өнер әлеміндегі айтулы шара қарашаның 7-не дейін жалғасады.      

 Несіпбек Айт, қазылар алқасының мүшесі:

- Көптен бері прозаға, әсіресе, балалар прозасына бәйге жарияланбай келген еді. Биыл «Шабыттың» ұйымдастырушылар алқасы солай деп шешті және өте дұрыс болды деп ойлаймын. 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу