Астанада шығармашыл жастардың халықаралық «Шабыт» фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада шығармашыл жастардың халықаралық «Шабыт» фестивалі басталды

03.11.2015
Астанада шығармашыл жастардың халықаралық «Шабыт» фестивалі басталды
Халықаралық фестивальға биыл Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай мемлекеттерінен 200-ден астам, ал, жалпы 400-ге жуық өнерпаз қатысуда. Байқауда жүзден жүйрік атанғандарға арнайы диплом, медаль, лауреат атағы беріледі.

Сондай-ақ, ел Президентінің кубогы иегері анықталады. Жеңімпаздарға 100 мың теңгеден бастап, 250 мың теңгеге дейін ақшалай сыйақы қоса табысталмақ. Биылғы шараның ерекшелігі – «спорттық бал биі» атты жаңа аталым енгізілді.

Жазира ДОСМАҒАМБЕТ

Хабарламаларға жазылу