Ертең Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры 25-ші өнер маусымын ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры 25-ші өнер маусымын ашады

18.09.2014
Ертең Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры 25-ші өнер маусымын ашады

Ертең Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры 25-ші өнер маусымының шымылдығын түреді, деп хабарлайды аталмыш мекеменің баспасөз қызметі.

Өнер шаңырағының кезекті маусымы Алаш ардақтысы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ар алдаспаны - Аймауытов» қойылымымен ашылмақ. Шығарма авторы – ҚР Халық әртісі, режиссер-драматург Ерсайын Төлеубай. Айта кетерлігі, бұл халқымыздың біртуар перзенті Жүсіпбек Аймауытовтың сахналық бейнесін паш еткен алғашқы пьеса. Қойылымда қоғамның қайшылықты сипаты, сол заманда тәуелсіздігін аңсаған халықтың өмірі көрініс тапты. Сондай-ақ, біртуар тұлғалардың Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жұмат Шанин, Мұхтар Әуезов, Әміре Қашаубаевпен табысқан сәттері паш етіледі.

Естеріңізге сала кетсек, «Ар алдаспаны - Аймауытов» спектаклі көркем сөздің зергері, көрнекті мәдениет қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған  республикалық театрлар фестивалінде  көрерменге жол тартқан болатын.

Хабарламаларға жазылу