Астанада «Parata dei Soprani» концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Parata dei Soprani» концерті өтеді

29.10.2014
Астанада «Parata dei Soprani» концерті өтеді

«Астана Опера» театрының камералық залында Қазақстанның жетекші сопранолары мен меццо-сопранолары қатысатын

Таңдаулы әйелдер дауысының асқан шеберлігін сопранолар Жаннат Бақтай, Маргарита Дворецкая, Ғалия Байғазинова, Жәмиля Жарқымбаева, Айзада Қапонова, Әсем Сембина, Елена Низамутдинова, Роза Нұркей және меццо-сопранолар Гүлжанат Сапақова, Салтанат Мұратбекова, Татьяна Вицинская паш етеді.

«Сопранолар шеруі» - «Дауыстардың сиқырлы әлемі» абонементінің алғашқы концерті болып табылады. Тыңдарман тамаша әйелдер дауысының концертмейстерлер Елена Сахно, Долорес Үмбетәлиева, Гауһар Тасбергенова, Ирина Кургузкина, Жанар Ахметова, Раушан Бескемпірованың музыкалық сүйемелдеуіндегі сан алуан вокалдық бояулар нақышын: күміс дауысты колоратуралық сопранодан бастап, терең меццоға дейін тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу