Астанада «Жапон көктемі» халықаралық өнер фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жапон көктемі» халықаралық өнер фестивалі өтеді

14.02.2015
Астанада «Жапон көктемі» халықаралық өнер фестивалі өтеді

Астанада 1-3 наурыз аралығында «Жапон көктемі» халықаралық өнер фестивалі өтеді.

Фестиваль аясында 1 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында жапондық әйгілі «Yamato» тобының концерті өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, 3 наурызда  қазақстандық өнер майталмандарының қатысуымен «Астана Опера» театрының камералық залында «Чио-Чио-сан в ожидании весны…» атты  концерт ұйымдастырылады.  

Онда жапондық, қазақстандық авторлардың шығармалары және  әлемдік классика жауһарлары орындалмақ.

Фестиваль мақсаты - екі ел арасындағы шығармашылық байланысты арттыру.

Шараны бес жылдан бері «Дегдар» гуманитарлық қоры мен JTI компаниясы өткізіп келеді.

 

 

Хабарламаларға жазылу