Астанада «Жас қазақ, жарқын жандар» атты концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жас қазақ, жарқын жандар» атты концерт өтеді

22.04.2014
Астанада «Жас қазақ, жарқын жандар» атты концерт өтеді
Астанада 8 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайында белгілі қазақстандық әртістердің қатысуымен «Жас қазақ, жарқын жандар» концерті өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
 
Шара барысында Сүндет Байғожин, Жан Тапин, Тамара Асар, Динара Аққозина, Игорь Благодарный сынды әртістер өнер көрсетеді.
 
«Шара ерекше форматта - киноконцерт түрінде өтеді. Көрермендер назарына қазақстандық эстрада және опера өнері майталмандарының орындауындағы әскери жылдардағы әндер, сондай-ақ, театрландырылған қойылымдар ұсынылады»,  дейді ұйымдастырушылар.
 
Айта кетейік, Елордада Жеңіс күніне орайластырылған 60-қа жуық шара өтеді.

Хабарламаларға жазылу