Астанада жас пианист Санжарәлі Көпбаевтың концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жас пианист Санжарәлі Көпбаевтың концерті өтеді

04.04.2015
Астанада жас пианист Санжарәлі Көпбаевтың концерті өтеді

25 сәуір күні Астанада былтырғы «Astana Piano Passion» байқауының лауреаттары  Санжарәлі Көпбаев пен Александру-Кадмиель Боцактің концерті өтеді.

Концерт  «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының камералық залында  ұйымдастырылады.  Биылғы «Astana Piano Passion» жас пианисттер байқауының аясында өтетін шара сағат 19:30-да басталады.

Айта кетейік, Санжарәлі Көпбаев былтыр «Astana Piano Passion» байқауында кіші топ арасында жеңімпаз атанса, ал румыниялық  Александру-Кадмиель Боцак  үлкен топ қатысушылары арасында топ жарған. 

Хабарламаларға жазылу