Астанада Қытай әртістері өнер көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қытай әртістері өнер көрсетеді

28.01.2015
Астанада Қытай әртістері өнер көрсетеді

30 қаңтарда Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында Қытай әртістерінің «Көңілді көктем мерекесі» атты гала-концерті өтеді.

Концерт Чжэнчжоу ән-би театры мен Шаолинь (Shaolin) Тагоу ұрыс өнері мектебінің қатысуымен өтеді. Бұл туралы Астана қаласы Мәдениет басқармасы хабарлады.

Концертте көрермен назарына ушу шеберлерінің қызықты да күрделі трюктерін, жоғары шеберлікпен орындалған билерін, жеке орындаушылар Эрху, Суо на секілді қытайдың ұлттық аспаптарында ойнау өнерін көрсетеді.

Чжэнчжоу ән-би театры «Лотос» би сыйлығының бірнеше дүркін иегері.

Би ұжымы көрермен назарына әсерлі аққулар биін, желпуішпен билеу өнерін, ұлттық билерін ұсынады.

Хабарламаларға жазылу