Астанада «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің Гала-концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің Гала-концерті өтеді

24.06.2015
Астанада «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің Гала-концерті өтеді

Маңғыстау облысының Астанадағы мәдениет күндері аясында елордаға келген ансамбль мүшесі Марат Сафаров: «Мәдени шараға «Ақжарма» фольклорлық ансамблімен қатар, Абыл Тарақұлы атындағы оркестр келді. Сондай-ақ, ақын Оңайгүл Тұржанованың және күйші Сержан Шәкірат ағамыздың екі бірдей шығармашылық кеші өтті.

Бүгін Конгресс-Холл сахнасында Гала-концерт бермекпіз. Онда Айгүл Қосанова, Тамара Асар, ағайынды Асқар, Асанәлі Көшеровтер, «Қазақстан дауысының» жеңімпазы Бауыржан Ретбаев және т.б. өнерпаздар өнер көрсетеді. Ал, 26 маусым күні Павлодар өңірінде жыршы-термешілермен бірге жеке концерт  бермекпіз»,-дейді Марат Сафаров.

«Ақжарма» фольклорлық ансамблі 1992 жылы құрылған. Көптеген фестивальдарға қытысып, шетелге де сапарлап қайтқан. 2006 жылы Маңғыстауда «Каспий – достық теңізі» атты фестивальде бас жүлдеге ие болған ансамбль. Құрамында Асанәлі Көшеров, Кәмшат Ізтілеуова, Айдана Жолдасбаева сынды жеке әншілер де бар».

Марат Сафаровтың орындауындағы «Қаратаудың бойында» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу