«Әлем Барысына» қатысатын неміс палуанының есімі – Раймунд Гирдц. Дзюдодан талай жеңіске қол жеткізген. Самбошы әрі сумошы.
Туған жылы – 1973 ж.
Бойы – 180 см.
Салмағы – 96 келі.
Жетістіктері:
2004 жылы дзюдодан Венада (Австрия) өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері;
2009 жылы дзюдодан Данияда өткен «Мацумаэ» халықаралық жарысының қола жүлдегері;
2010 жылы дзюдодан Германия чемпионатының жеңімпазы;
2011 жылы самбодан Германия чемпионатының жеңімпазы;
2011 жылы дзюдодан Бабельсберг қаласында өткен Бундеслиганың қола жүлдегері;
2012 жылы дзюдодан Бабельсберг қаласында өткен Бундеслиганың қола жүлдегері;
2012 жылы сумодан Солтүстік Германия чемпионатының жеңімпазы;
2013 жылы дзюдодан Бабельсберг қаласында өткен Бундеслиганың қола жүлдегері;
2013 жылы джиу-джитсудан Солтүстік Германия чемпионатының жеңімпазы.