Қызылорда облысының жұртшылығы бұл күндері ұлт азаттық қозғалысының қолбасшысы, халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының 240 жылдығын кең көлемде атап өтуде.
Бүгін Қызылорда теміржол вокзалы алаңында ұлт-азаттық жолындағы күрестiң батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының ескерткіші ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Сондай-ақ, ескерткіштің ашылуына мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қараманұлы, Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев қатысты.
Сонымен қатар, студенттер сарайында «Ұлт азаттығы қозғалысы және Жанқожа батыр» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Белгілі ғалымдар, әдебиетшілер мен тарихшылар қатысқан жиында батыр бейнесі жан-жақты сөз болып, тың деректер айтылды.