Жанқожа батырдың өмірі мен ерлігі туралы жазылған туындылар оқырманға жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанқожа батырдың өмірі мен ерлігі туралы жазылған туындылар оқырманға жол тартты

15.10.2014
Жанқожа батырдың өмірі мен ерлігі туралы жазылған туындылар оқырманға жол тартты

 

Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдық мерейтойына арналған шаралар Қызылордада бастау алды. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада   батырдың өмірі мен ерлігі жайлы шыққан кітаптардың тұсауы кесілді. 

Шара барысында Әбдісаттар Оспановтың 3 томдық «Наркескен» тарихи-көркем трилогиясы, Молдахмет Қаназдың «Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» зерттеулер мен мақалалары, Нұрлан Көбегенұлының «Жанқожа батыр туралы жырлар», Сардарбек Қожағұлдың «Жанқожа батыр» жинағы оқырманға таныстырылды.

Сондай-ақ, кеште батырға арналған  Ә.Оспановтың «Аттаныс» күйі, «Жанқожа батыр» әні, Ә.Күлшебаевтың «Қолбасшы» күйі көпшілік назарына ұсынылды. С.Қожағұлдың «Жанқожа батыр» дастанынан үзінді де орындалды. 

Хабарламаларға жазылу