Ертуған Жәнібеков: Есет батыр Жанқожаны 5 жасынан бастап сынаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертуған Жәнібеков: Есет батыр Жанқожаны 5 жасынан бастап сынаған

16.10.2014
Ертуған Жәнібеков: Есет батыр  Жанқожаны 5 жасынан бастап сынаған

Жанқожа Нұрмұхамедұлының туғанына биыл – 240 жыл. Осыған орай елдің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырылуда.  Ал, Жанқожа батырды зерттеуші Ертуған Жәнібеков бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Жанқожа – халық батыры. Ол кісінің көзі тірі кезінде еңбегі бағаланбаған. Себебі, батыр Хиуа, Қоқан  хандықтарына, Ресей басқыншыларына қарсы  көтерілісті бастаған қаһарман. Ол кісі 1774 жылы дүниеге келіп, 1860 жылы қайтыс болған. Есет батыр  Жанқожаны 5 жасынан бастап сынаған екен.

Сонда Есет батыр ойын балаларын жинап алып, жылқының тулағының астына  қанжарды қойып, «осының үстіне келіп құлайсыңдар», дейді екен. Балалардың біразы тулақтың оң жағына келіп құлаған, енді біразы сол жағына құлаған.

Ал, Жанқожа кеудесімен тулақтың дәл ортасына түскен екен. Сонда Есет батыр балаға таңғалып, «осы баладан ел қорғайтын бала шығады», деп шүкірлік еткен екен. Кейін Есет батыр өзімен бірге алып жүретін айбалтасын жиені Жанқожаға сыйға тартқан»,-дейді Ертуған Жәнібеков.

Сұхбаттың толық нұсқасын  «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу