Қазалыда «Жанқожа батыр» спектаклі қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазалыда «Жанқожа батыр» спектаклі қойылды

17.10.2014
Қазалыда «Жанқожа батыр» спектаклі қойылды

Батыр Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдық мерейтойына орай Қазалы ауданында Ж.Тұрсынов атындағы халық театрында драматург Рүстем Жанаевтың «Жанқожа батыр» спектаклі халық назарына ұсынылды.

 Режиссері - ҚР Мәдениет қайраткері Насыр Баекеев. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ халқының намысын, елі мен жерін қорғаған Жанқожа батыр бейнесін халық театрының өнерпазы Жантұрған Тоқмамбетов, Ақтан батыр бейнесін Ермекбай Ағыраев, Төремұрат жыраудың бейнесін Жәнібек Құтмаханов, Кенесары хан бейнесін Айбек Мәмбет, Наурызбай батыр бейнесін Қонысбек Шайыхов, Ана рөлін Гүлнар Төребекова сомдап, жиналған қауымның ризашылығына бөленді. 

Хабарламаларға жазылу