Қызылорда облысында Жанқожа батырдың 240 жылдық мерейтойы атап өтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында Жанқожа батырдың 240 жылдық мерейтойы атап өтілді

17.09.2014
Қызылорда облысында Жанқожа батырдың 240 жылдық мерейтойы атап өтілді

Батыр Жанқожа бабаның 240 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазалы аудандық мәдениет саласының өнерпаздары Жанқожа батыр ауылының тұрғындарына концерттік бағдарлама ұйымдастырды,-деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Өнерпаздарды бастап барған топ жетекшісі Әйтеке би кенттік клубының директоры Кенже-Әлі Асқар шараны ашқан соң, батыр-бабаның рухына арналған концерттік бағдарлама халық назарына ұсынылды. Аудан өнерпаздары туған жер, Атамекен, Отан қорғау тақырыбындағы әндермен қатар Жанқожа бабаға арнау өлеңдерін шырқады.

Шара соңында Арықбалық ауылдық округінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров сөз алып, Жанқожа батырдың ерлік істерін жастарға үлгі етті және мәдени шараны ұйымдастырушыларға ауыл тұрғындары атынан алғыс білдірді.

Фото: kazalinsk.kz

Хабарламаларға жазылу