Павлодар қаласындағы Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының директоры болып Мұхтар Байжұманов тағайындалды, деп хабарлайды облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.
Мұхтар Хамитұлы 1958 жылы туған, Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтын музыкалық комедия актері мамандығы бойынша тамамдаған. Әртістің еңбек жолы 1980 жылы басталды, сол жылдан бастап Лебяжі халық театрында еңбек етті. 1981 жылы Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтына оқуға түсіп, аяқтады. 1990-1992 жылдары Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрының актері қызметін атқарған. 1992-1994 жылдары аралығында облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, ал 1994-1999 жылдары аралығында аймақтағы Иса Байзақов атындағы филармония директоры қызметін атқарды. Сол жылдан бастап 2012 жылға дейін актері және «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығының ерлер квартетінің басшысы болды. Осы уақытқа дейін аталмыш мәдениет ошағының директоры қызметін атқарды.
Мұхтар Хамитұлы «Мәдениет қайраткері» атағының иегері, «Облыс алдына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен және «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
pavlodarnews.kz