10-12 қазан аралығында Астанадағы «Көрме» орталығында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің және Қазақстандық автомобиль бизнесі қауымдастығының қолдауымен екінші халықаралық автомобиль көрмесі өтті.
Осы көрме аясында электромобильдік көліктерді жасау және оларды қолдануды дамыту жайлы «Астана-Моторс» компаниясы мен «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу бойынша дирексиясы» ЖШС екіжақты меморандумға қол қойды.
Асқар Адамбеков, «ЭКСПО-2017» имфрақұрлым жобалары секторының жетекшісі:
«Бұл инвестициялық жоба. Қазіргі кезде біз «Қазмұнайгаз өнімдерімен» бірлесіп «жасыл аялдамалар» бағдарламасының негізінде үш жанармай станциясын салу құрлысы жайлы келіссөздер жүргізудеміз. Сонымен бірге электромобильді көліктерге арнап бес қуаттандырушы станцияны салу көзделуде. Қазақстан бойынша мұндай станциялар қазіргі жанармай құю станцияларына ұқсамайтын болады. Фотоэлектрикалық модульдермен жабдықталады».
Президент кезекті халыққа Жолдауында: «Біз қоғамдық көлікті отынның экологиялық таза түрлеріне көшіруге, электромобильдерді енгізуге және олар үшін тиісті инфрақұрылым қалыптастыруға жағдай жасауымыз керек» деген болатын. Бұл бүгінгі таңда еліміздегі «Болашақтың энергиясы» бағдарламасын іске асырушылар үшін басты бағыт болуда.