Алматыда веложарыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда веложарыс өтеді

09.10.2014
Алматыда веложарыс өтеді

12 қазан күні Алматыда Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің 80 жылдығына орай веложарыс өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Мерейтойлық жарыс №176 мектеп аумағындағы Шаляпин және Яссауи көшелерінің қиылысында таңғы сағат 08.00-де басталады. Жарыс мәресі – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің бас корпусының алды.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріліп, концерт ұсынылады.

Айта кету керек, осы шараға байланысты 12 қазан күні 07.00-11.00 аралығында Шаляпин және Сәтбаев көшелеріндегі автокөлік қозғалысына шектеу қойылады.  

Хабарламаларға жазылу