Алматыда веложарыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда веложарыс өтеді

23.10.2014
Алматыда веложарыс өтеді

25 қазан күні Алматыда веложарыс өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы Спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі.

Сайысқа велоқауымдастықтардың өкілдері, велоспортпен айналысатын адамдар, студенттер және Алматы қаласының тұрғындары қатысады.

Жарыс Республика алаңынан басталады. Мәре сызығы Қазақстанның Тұңғыш Президенті саябағы аймағында орналасқан. Дәл осы жерде жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Хабарламаларға жазылу