Алматыдағы Олимпиада күні веложарыстан басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Олимпиада күні веложарыстан басталады

20.05.2015
Алматыдағы Олимпиада күні веложарыстан басталады

«Алматыда Олимпиада күні кең көлемді веложарыстан басталады. Қатысушылар 23 мамырда таңғы сағат 08:00-де «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндері кешені алдына жиналады. Жарыс 08:30-да басталады. Мәре - Орталық стадионның алды. Веложарыстан кейін түрлі спорттық шаралар және мерекелік концерт болады», - деді И. Оразақов.

Оның айтуынша, бұл күні Алматы қаласының халықаралық спорт жобалары дирекциясы Астана, Шымкент және Орал қалаларында да Олимпиада күнін өткізбек.

Мысалы, Астанада 800 және 1200 метрлік қашықтыққа жарыс өтеді, сондай-ақ «Олимпиада жарыстары» тақырыбы бойынша асфальтқа сурет салудан байқау ұйымдастырылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар да қоғам назарынан тыс қалмайды. Олардың арасында да әртүрлі спорт жарыстарын өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, Астана қаласы әкімінің қатысуымен веложарыс өтеді. Ал Шымкентте гір спорты, асық ату және арқан тарту секілді ойындар бойынша жарыстар өткізу көзделсе, Оралда стритбол, гольф, қоян-қолтық ұрыс, арқан тарту бойынша жарыстар жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу