Ертең Алматыда веложарыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Алматыда веложарыс өтеді

17.10.2014
Ертең Алматыда веложарыс өтеді

18 қазан күні Алматыда веложарыс өтеді. Оған кәсіби велошабандоздар мен велоспортқа жақын жандар қатысады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жарыс сағат 08.30-да республика алаңынан бастау алады. Мәре сызығы Қазақстанның Тұңғыш Президенті саябағы аумағында. Дәл осы жерде жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Хабарламаларға жазылу