Алматыда 3 мамыр күні веложарыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 3 мамыр күні веложарыс өтеді

01.05.2014
Алматыда 3 мамыр күні веложарыс өтеді

Алматыда 3 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, веложарыс өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 
  
Жарыс сағат 08:30-да әл-Фараби және Тәттімбет көшелерінің қиылысынан басталып,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында аяқталады. Жеңімпаздарға естелік және бағалы сыйлықтар беріледі.
  
 Сондай-ақ, ұйымдастырушылар шараға байланысты әл-Фараби және Тәттімбет көшелерінің қиылысынан бастап,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына (әл-Фараби  және Мұстафин көшесі)дейінгі аралықта көлік қозғалысында шектеу болатынын ескертеді.  
  
 Естеріңізге салайық, аталған веложарысты 26 сәуір күні өткізу жоспарланған еді. Алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты, шара кейінге шегерілді.

Хабарламаларға жазылу