4-шілдеде Алматыда түнгі веложарыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

4-шілдеде Алматыда түнгі веложарыс өтеді

01.07.2014
4-шілдеде Алматыда түнгі веложарыс өтеді

4 шілде күні Алматыда Қазақстан бойынша тұңғыш рет түнгі веложарыс өтеді. Шара Астана күні мерекесіне орайластырылған.

Жарыс сағат 22.00-де әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысынан басталып, «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплин кешенінде мәресіне жетпек.

Жарыстың өтуіне байланысты, 4 шілде, сағат 21.00-ден 23.00-ге дейін осы көшелер аралығында көлік қатынасы тоқтатылады.

Веложарысты ұйымдастыру комитетінің мәліметінше,  шараға қатысушылар велосипедтері мен киімдерін  жарық беруші аксессуарлармен жарақтандыруы тиіс. 

Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталады. 

 

Хабарламаларға жазылу