Президент қалалық сенбілікке қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қалалық сенбілікке қатысты

27.04.2024

Президентпен бірге сенбілікке волонтерлер, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері, еліміздің ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастары атсалысты. Олар жөке ағашының 430 түп көшетін отырғызды. Сенбілік барысында Президент жастармен әңгімелесті. Заң мен тәртіп үстемдігі бәріне қатысты екенін айтып, вандализммен батыл түрде күресу қажет екеніне назар аударды. Бұдан кейін Мемлекет басшысы Ботаникалық бақты аралап, жалпықалалық сенбілікке қатысып жатқан тұрғындарға, елорданың коммуналдық шаруашылық мекемелерінің қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек Президентке Астана қаласын абаттандыру және көгалдандыру жоспарын таныстырды. 

Хабарламаларға жазылу