Алматыда халықаралық деңгейдегі веложарыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықаралық деңгейдегі веложарыс өтеді

30.09.2014
Алматыда халықаралық деңгейдегі веложарыс өтеді

4 қазан күні Алматы қаласында әлемнің үздік велокомандаларының қатысуымен алғаш рет «Астана Моторс» спринтерлік веложарысы өтеді.

Вело-шоудың негізгі қонағы – «Тур де Франс-2014» веложарысының жеңімпазы, «Astana Pro Team» клубының капитаны Винченцо Нибали.

500 метр қысқа қашықтықтағы спринетрелік сайысқа 8 командадан тұратын кәсіби спортшылар қатысады. Олар: «Аstana Рro Тeam (Қазақстан), «Кatusha Тeam (Ресей), «La Pomme Marseille Team 13» (Франция), «Bardiani» (Италия), «Rusvelo» (Ресей), «Novo Nordisk Team» (АҚШ), «Vino 4-ever» (Қазақстан) және «Kazakhstan national team» (Қазақстан).

Шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Велоспорт федерациясының директоры Дмитрий Муравьев және Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатысады. 

Хабарламаларға жазылу