«Тour of Almaty-2014» веложарысына 20 команда қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тour of Almaty-2014» веложарысына 20 команда қатысады

02.10.2014
«Тour of Almaty-2014» веложарысына 20 команда қатысады

5 қазан күні Алматыда «Тour of Almaty-2014» халықаралық веложарыс өтеді. Жарысқа әлемдік дәрежедегі «Astana Pro Team», «Katusha», «Giant-Shimano», «Movistar», «Omega Pharma-Quick-Step» сынды 20 команда   қатыспақ.

Олардың қатарында сонымен қатар, былтырғы жылдың қатысушылары «Bardiane Valvole», «CCC Polsat», «Synergy Baku Cycling Project» командалары бар.

«Тour of Almaty»-ның басты қонағы – «Тур де Франс-2014» сайысының жеңімпазы Винченцо Нибали.

Сайыста спортшыларға әрқайсысы 31 шақырым болатын 6 шеңберді еңсеруіне тура келеді. Жарыс тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасында көрсетілетін болады.

Хабарламаларға жазылу