Иса Ақбербаевтің келесі қарсыласы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иса Ақбербаевтің келесі қарсыласы анықталды

22.09.2014
Иса Ақбербаевтің келесі қарсыласы анықталды

IBO Intercontinental тұыжырым бойынша бірінші ауыр салмақтағы жеңімпазы қазақстандық Иса Ақбербаевтің келесі қарсыласы анықталды.

30 жастағы боксшы 1-ші қазан күні АҚШ-тың Санта-Моника қаласында америкалық Джоанни Сарранмен жекпе-жек өткізеді.

Джоанни Сарран – кәсіпқой рингте 12 жекпе-жек өткізген. Бес жекпе-жегін жеңіп, бір кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Жеті кездесуде жеңілген және үш жекпе-жегінде нокаутқа ұшыраған.

Ал, Иса Ақбербаев - кәсіпқой рингте 12 жекпе-жек өткізген. Қарсыластарын 12 кездесуінде жеңіп, сегіз қарсыласын мерзімінен бұрын ұтқан. Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегінде кениялық Моррисо Околоны мерзімінен бұрын жеңген болатын. 

Фото: vk.com/akberbayev

Хабарламаларға жазылу