Қанат Исламның кезекті қарсыласы белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Исламның кезекті қарсыласы белгілі болды

07.03.2015
Қанат Исламның кезекті қарсыласы белгілі болды

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін Қазақстан боксшысы Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды.

Boxrec.com сайты тарақтан ақпаратқа сүйенсек, Қанаттың қарсыласы 23 жастағы колумбиялық – Карлос Гальван. Ол осыған дейін 13 кездесу өткізіп, екі жекпе-жегінде жеңіліп, бір кездесуінде тең түскен.

Қанат Ислам осыған дейінгі 18 кездесу өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған. Ислам соңғы жекпе-жегінде тағы бір колумбиялық Фидель Муньосты жеңген.

Карлос Гальванмен өтетін жекпе-жек Қанаттың 2015 жылға жоспарланған алғашқы, ал, жалпы 19-шы жекпе-жегі.

Қанат Ислам мен Карлос Гальван арасындағы жекпе-жек 23 наурыз күні Колумбияда өтеді.

Хабарламаларға жазылу