Бүгін Иса Ақбербаев кәсіпқой рингтегі 14-ші жекпе-жегіне шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Иса Ақбербаев кәсіпқой рингтегі 14-ші жекпе-жегіне шығады

11.12.2014
Бүгін Иса Ақбербаев кәсіпқой рингтегі 14-ші жекпе-жегіне шығады

Боксшылар жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсіміне қатысты.

Иса Ақбербаевтің салмағы – 88,8 келіні, ал Игорь Караваев 89,1 келіні көрсетті. Беларусь боксшысы 300 граммға ауырлау. Жекпе-жек ертең Мәскеудегі «Динамо» спорт кешенінде өтеді.

Бокс кешінің басты жекпе-жегінде WBA тұжырымы бойынша 76,2 келідегі уақытша Әлем чемпионының белдігі сарапқа салынады. Бұл атаққа ресейлік Федор Чудинов пен австралиялық Бен Маккаллох таласады.

Еске сала кетейік, бастапқыда Иса Ақбербаев латвиялық боксшы Олег Лопаевпен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда, ол жарақат алып, қарсыласы ауысты.

Ақбербаев – Караваев жекпе-жегін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші Астана уақытымен 22.00-де басталады.

Хабарламаларға жазылу