Иса Ақбербаев ақпан айында Германияда чемпиондық жекпе-жек өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иса Ақбербаев ақпан айында Германияда чемпиондық жекпе-жек өткізеді

17.01.2015
Иса Ақбербаев ақпан айында Германияда чемпиондық жекпе-жек өткізеді

IBO Intercontinental тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы чемпион Иса Ақбербаев келесі жекпе-жегін 28 ақпанда Гамбургте өткізеді. Бұл туралы  ВКонтакте желісіндегі боксшының жанкүйерлер тобы хабарлайды.

Әзірге қазақстандық боксшының қарсыласы белгісіз. Жекпе-жек 12 раундқа созылады.

Иса Ақбербаев соңғы жекпе-жегін 11 желтоқсанда Мәскеуде өткізген еді. Ол Беларусь боксшысы Игорь Караваевты екінші минутта нокаутқа жіберген болатын.

Хабарламаларға жазылу