Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

14.03.2015
Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің  келесі қарсыласы анықталды.

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жекгі 16 мамыр күні өтеді. Қарсыласы америкалық «Boxcino 2014» турнирінің жеңімпазы 28 жастағы кіші Вилли Монро болмақ. Монро осыған дейін 20 кездесу өткізіп, 19 жеңіске жетіп (6 нокаут), бір жекпе-жегінде жеңіліп қалған.

Жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатының Инглвуд қаласындағы 17 мың адамдық The Forum аренасында өтеді.

Хабарламаларға жазылу