Боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

02.12.2021

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ұйымы чемпионының міндетті қарсыласы атанды. Бұл ақпарат бокс ұйымының ресми сайтында жарияланды. WBO орта салмақтағы чемпион америкалық Деметриус Андраде мен Жәнібек Әлімханұлының командасына жекпе-жекті ұйымдастыруға 20 күн уақыт берілді. Қос тарап келісімге келмесе, жекпе-жекті өткізу құқығы басқа промоутерлерге ұсынылады.

Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас Бүкіләлемдік бокс ұйымына хат жазып, қазақстандық боксшыны Андраденің міндетті қарсыласы ретінде тағайындауды өзі сұраған. Кәсіпқой бокста әлі бірде-бір қазақстандық боксшы WBO тұжырымында әлем чемпионы атанбаған.


Хабарламаларға жазылу