Иса Ақбербаев пен Игорь Караваев салмақ өлшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иса Ақбербаев пен Игорь Караваев салмақ өлшеді

10.12.2014
Иса Ақбербаев пен Игорь Караваев салмақ өлшеді

Ауыр салмақтағы IBO Intercontinental тұжырымының иегері Иса Ақбербаев қарсыласы Игорь Караваевтан жеңілдеу болып шықты. Боксшылар жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсіміне қатысты.

Иса Ақбербаевтің салмағы – 88,8 келіні, ал Игорь Караваев 89,1 келіні көрсетті. Беларусь боксшысы 300 граммға ауырлау. Жекпе-жек ертең Мәскеудегі «Динамо» спорт кешенінде өтеді.

Бокс кешінің басты жекпе-жегінде WBA тұжырымы бойынша 76,2 келідегі уақытша Әлем чемпионының белдігі сарапқа салынады. Бұл атаққа ресейлік Федор Чудинов пен австралиялық Бен Маккаллох таласады.

Еске сала кетейік, бастапқыда Иса Ақбербаев латвиялық боксшы Олег Лопаевпен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда, ол жарақат алып, қарсыласы ауысты.

Ақбербаев – Караваев жекпе-жегін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші Астана уақытымен 22.00-де басталады.

Фото: vk.com/akberbayev

Хабарламаларға жазылу