Қызылордада Жанқожа батыр ескерткіші ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада Жанқожа батыр ескерткіші ашылды

15.10.2014
Қызылордада Жанқожа батыр ескерткіші ашылды

Қызылорда облысының жұртшылығы бұл күндері ұлт азаттық қозғалысының қолбасшысы, халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының 240 жылдығын кең көлемде атап өтуде.

Бүгін Қызылорда теміржол вокзалы алаңында ұлт-азаттық жолындағы күрестiң батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының ескерткіші ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.

Сондай-ақ, ескерткіштің ашылуына мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қараманұлы, Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев қатысты.

Сонымен қатар, студенттер сарайында «Ұлт азаттығы қозғалысы және Жанқожа батыр» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Белгілі ғалымдар, әдебиетшілер мен тарихшылар қатысқан жиында батыр бейнесі жан-жақты сөз болып, тың деректер айтылды.

ҚазАқпарат 

Хабарламаларға жазылу