«Ел қорғаған ер Жәкем» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ел қорғаған ер Жәкем» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді

07.10.2014
«Ел қорғаған ер Жәкем» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді

Қызылорда облысында 15-16 қазанда «Ел қорғаған ер Жәкем» атты республикалық ақындар мүшәйрасы өтеді. Бұл туралы adebiportal.kz. сайты хабарлайды.

Мүшәйраның ұйымдастырушылары - Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Жыр додасын өткізудегі басты мақсат - қазақтың тәуелсіздігі жолында күрескен батыр, ХІХ ғасырдың қаһарманы Жанқожа Нұрмұхаммедұлының ерлігін өлеңмен өру.  Биыл батырдың туғанына - 240 жыл. 

Мүшәйра жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталады. 

Хабарламаларға жазылу