Үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырудың үш көзін қарастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырудың үш көзін қарастырылады

17.09.2014
Үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырудың үш көзін қарастырылады

Қазақстанның Азаматтық Альянсы VI Азаматтық форумының ұсынымдарын жүзеге асыру үшін «Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі. 

Соған сай, үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырудың үш көзі қарастырылмақ. Бұл туралы Қазақстанның Азаматтық Альянсы президенті Нұрлан Ерімбетов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

«Бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырудың жалғыз жолы бар. Ол – мемлекеттік, әлеуметтік тапсырыстар. Оның өзінде аталмыш тапсырыстың тақырыбы мен бағытын орталық және жергілікті атқарушы органдар белгілейді. ҮЕҰ дамуына мүлде қаржы бөлінбейді», - дейді Н.Ерімбетов.

Аталмыш заң бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырудың бүгінгі таңдағы жалғыз жолы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардан бөлек, гранттық қаржыландыру мен бюджет қаражаты есебінен сыйақы тағайындау қарастырылмақ.

Оның айтуынша, Азаматтық Альянстың Парламентке ұсынып отырған заң жобасы халықаралық тәжірибелерге сай дайындалған.

Фото: nurotan.kz

Хабарламаларға жазылу