Қазақстандық өрт сөндірушілер X Әлем чемпионатының соңғы кезеңінде алтын медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық өрт сөндірушілер X Әлем чемпионатының соңғы кезеңінде алтын медаль иеленді

08.09.2014
Қазақстандық өрт сөндірушілер X Әлем чемпионатының соңғы кезеңінде алтын медаль иеленді

Алматының Орталық стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша өткен X Әлем чемпионатының соңғы төртінші кезеңінде Қазақстанның ерлер құрама командасы алтын медальді, ал әйелдер құрамасы қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды чемпионаттың баспасөз қызметі.

«Жауынгерлік шыңдау» деп аталатын соңғы кезеңде қазақстандық жігіттер 29,73 секундтық нәтижесімен бірінші орынға қол жеткізді.

Жарыс жолын 29,80 секундта өткен Чехия құрамасы екінші орында, ал беларусьтықтар 29,81 секундтық нәтижесімен үшінші орынға тұрақтады.

Осы кезең бойынша әйелдер құрамасы арасында өткен жарыста қазақстандық қыздар 32,54 секундтық нәтижесін көрсетіп, үшінші орынды иеленді. Бірінші орында Германия құрамасы. Олардың көрсеткіші 30,35 секунд. Ресейліктер 31,85 секундтық нәтижемен екінші орынға қол жеткізді.

Жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал командаларға кубок табыс етілді.

Сонымен, жалпы командалық есепте Қазақстан құрама командасы 1 алтын және 2 қола медальмен бесінші орынға тұрақтады.

Бірінші орында Беларусь құрамасы. Екінші және үшінші орындарға Чехия мен Ресей құрамалары тұрақтады. Ал Украина құрамасы төртінші орынды місе тұтты.

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша X Әлем чемпионатына барлығы 15 елден 13 ерлер құрамасы мен 3 әйелдер құрамасы қатысты.

Фото: total.kz

Хабарламаларға жазылу