Нанкин – 2014. Боксшы Вадим Казаков күміс медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нанкин – 2014. Боксшы Вадим Казаков күміс медаль иеленді

27.08.2014
Нанкин – 2014. Боксшы Вадим Казаков күміс медаль иеленді

Нанкинде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада қазақстандық боксшы Вадим Казаков 81 келі салмақта күміс медаль иеленді.

Қазақстандық жас спортшы финалдық жекпе-жекте болгариялық Благой Найденовқа 0:3 есебімен ұтылды.

Бұған дейін, Казаков норвегиялық Вегар Трегенді 3:0 және армениялық Нарек Манасянды 2:1 есебімен жеңген.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына дзюдошы Бауыржан Жауынтаев пен боксшы Абылайхан Жүсіпов алтын, зілтеміршілер Жасұлан Қалиев пен Татьяна Капустина, грек-рим палуаны Евгений Поливадов қола медаль әкелді.

 

Хабарламаларға жазылу