Кукушкин АҚШ-тағы «Челленждер» дәрежесіндегі турнирдің финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кукушкин АҚШ-тағы «Челленждер» дәрежесіндегі турнирдің финалына шықты

10.08.2014
Кукушкин АҚШ-тағы «Челленждер» дәрежесіндегі турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Аптос қаласында өткен «Челленждер» дәрежесіндегі турнирдің финалына шықты.

Жартылай финалда ол жергілікті теннисші Уильямс Райнды 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Турнирдің бастапқы кезеңінде қазақстандық теннисші жапондық Ясутаку Учиямуды - 6:2, 6:3, екінші кезеңде британдық Джеймс Уордты - 6:3, 6:4, ширек финалда үнділік Сомдев Девварманды - 7:5, 4:6, 6:2 есебімен ұтты.

Кукушкин ақтық сында Багдатис Маркоспен кездесетін болады. 

Турнирдің сыйақы қоры 100 мың АҚШ долларына тең.

Хабарламаларға жазылу