Теннистен «Internazionali BNL d\'Italia» жарысы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теннистен «Internazionali BNL d\'Italia» жарысы өтіп жатыр

13.05.2016
Теннистен «Internazionali BNL d\'Italia» жарысы өтіп жатыр
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова мен венгриялық Тимеей Бабош жұбы турнирдің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова мен венгриялық Тимеей Бабош жұбы осы күндері Римде өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты. Екінші айналымда Шведова-Бабош жұбы италиялық Клаудиу Гловин мен Анжелика Морателли жұбын айқын басымдықпен ұтты. Есеп 6:3, 6:2.

Ширек финалда қос тенисші Румынь мықтыларымен күш сынасады. Нақты қарсыластары Ирина-Камелия Бегу мен Моника Никулеску. Бұл жұп екінші айналымда Германия мен Тайпей теннисшілерін 2:6, 7:6, 10:8 есебімен жеңген болатын.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу