Михаил Кукушкин «Челленджер» турнирінің жартылай финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Михаил Кукушкин «Челленджер» турнирінің жартылай финалына шықты

09.08.2014
Михаил Кукушкин «Челленджер» турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-та өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жекелей сынында жартылай финалға шықты. Турнирдің жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайды.

Ширек финалдық бәсекеде Михаил Кукушкин турнирдің бесінші ракеткасы индиялық Сомдев Девварманды үш сетте – 7:5, 4:6, 6:2 есебімен жеңді. 

Жартылай финалда Михаил Кукушкин америкалық Райан Вильямспен күш сынасады.Турнирдің жартылай финалына шыққаны үшін Кукушкин  5 мың АҚШ доллары және 35 рейтингтік ұпай жинады.

Хабарламаларға жазылу