Недовесов пен Голубев Австралиядағы Челленджер турнирінің финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Недовесов пен Голубев Австралиядағы Челленджер турнирінің финалына шықты

08.01.2016
Недовесов пен Голубев Австралиядағы Челленджер турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен жұптасып, Хэппи Вэллейдегі (Австралия) Челленджер сериясындағы турнирдік финалына шықты.

Шешуші ойында олар тағы бір қазақстандық спортшы Андрей Голубев пен италиялық Маттео Донатиден құралған жұппен кездеседі.

Жартылай финалдық ойындарда Недовесов/Молчанов жұбы Дуди Села (Израиль) мен Игорь Сейслингті (Голландия) 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Ал, екінші жартылай финалда Голубев пен Донати Брэйдан Кляйн (Ұлыбритания) мен Петер Полански (Канада) жұбын 2:6, 7:6, 12:10 есебімен ұтты.

Жүлде қоры 75 мың АҚШ доллары болатын турнирдің финалына шыққан төрт теннисші де 2700 АҚШ долларын және ATP рейтингінде 55 ұпай иеленді.

Хабарламаларға жазылу