Михаил Кукушкин Кремль Кубогының ширек финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Михаил Кукушкин Кремль Кубогының ширек финалына шықты

16.10.2014
Михаил Кукушкин Кремль Кубогының ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кремль Кубогының ширек финалына шықты.

Ол екінші айналымда турнирдің төртінші, әлемнің он тоғызыншы ракеткасы, италиялық  Фабио Фоньиниді ұтты.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған ойын 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, бұл жеңістен кейін Михаил Кукушкин жеке кездесуде 2:1 есебімен алға шықты.

Енді ол ширек финалда ресейлік Михаил Южный мен аргентиналық Хуан Монако кездесуінің жеңімпазымен жолығады.

Еске сала кетейік, Михаил Кукушкин бірінші айналымда ресейлік жас теннисші Карен Хачановтан  6:7 (3:7), 6:0, 6:2 есебімен басым түскен еді.

 

Фото: tennistv.com

Хабарламаларға жазылу