Ярослава Шведова Бразилияда өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ярослава Шведова Бразилияда өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына өтті

28.02.2014
Ярослава Шведова Бразилияда өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына өтті
Қазақстандық теннисші Бразилиядағы «Brasil Tennis Cup» турнирінің жартылай финалына өтті. Ол ширек финалда румыниялық Александра Кадантуды 6:3; 6:3 есебімен жеңді.
 
Сонымен қатар, қазақстандық теннисші осы турнирдің жұптық жарысының финалдық кезеңіне шықты. Ол испаниялық Анабель Медина-Гарригеспен бір жұпта ойнап, жартылай финалда Ваня Кинг (АҚШ) пен Барбара Заглавова-Стрыцовадан (Чехия) 7:6; 6:1 есебімен басым түсті.
 
Vesti.kz.

Хабарламаларға жазылу