Президент Сингапур Парламентінің спикерін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Сингапур Парламентінің спикерін қабылдады

30.04.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пен бастаған делегацияны қабылдады. Екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуді көздейтін кездесу нәтижелі өтті. Мемлекет басшысы халықаралық ынтымақтастықты арттыруда және мемлекеттер арасындағы диалогқа ықпал етуде парламенттік дипломатия аса маңызды рөл атқарады, деді.


Қазір Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін, олардың ел экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асқанын атап өтті. Кездесуде экономикалық және инвестициялық ықпалдастық перспективаларына баса назар аударылды. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу