Нисикори US Open турнирінде Джоковичті сүріндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нисикори US Open турнирінде Джоковичті сүріндірді

07.09.2014
Нисикори US Open турнирінде Джоковичті сүріндірді

Жапондық Кэй Нисикори АҚШ-тың  теннистен ашық чемпионатының  жартылай финалында серб Новак Джоковичтен басым түсіп, ақтық сайысқа шықты. Есеп - 6:4, 1:6, 7:6, 6:3.

Нисикори «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шыққан тұңғыш жапондық. Ал Джокович болса, 2009 жылдан бері алғаш рет US Open финалына жете алған жоқ.

Азиялық спортшы 8 қыркүйекте өтетін ақтық сайыста Марин Чиличпен кездеседі. Бұл турнирдің жүлде қоры -3 8 миллион АҚШ доллары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу