Винченцо Нибали «Тур де Франстың» 13-кезеңінде жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Винченцо Нибали «Тур де Франстың» 13-кезеңінде жеңіске жетті

19.07.2014
Винченцо Нибали «Тур де Франстың» 13-кезеңінде жеңіске жетті

«Астана» велокомандасындағы италиялық спортшы Винченцо Нибали «Тур де Франс» суперкөпкүндігінің 13-ші кезеңінде жеңіске жетті.      

Қазақстандық команданың капитаны бұл кезеңде «Saxo-Tinkoff» командасынан поляк Рафал Майканы және «NetApp-Endura» шабандозы чех Леопольд  Кёнигті арта тастады.

Нибали басты есепте көш бастап келеді, екінші орынға «Movistarдан» испандық Алехандро Вальверде шықты, үшінші орында - AG2R командасынан француз Роман Барде.

«Тур де Франс»

13-ші кезең. Сент-Этьен - Шанрус, Франция

197,5 км.

1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 5:12:29

2. Рафал Майка (Польша, «Saxo-Tinkoff») - +0:10

3. Леопольд Кёниг (Чехия, «NetApp-Endura») - +0:11

Жалпы есеп:

1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 56:44:03

2. Алехандро Вальверде (Испания, «Movistar») - +3:37.

3. Роман Барде (Франция, AG2R) - +4:24.

Хабарламаларға жазылу