«Тур Де Франс» көпкүндігінде Винченцо Нибали топ бастап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тур Де Франс» көпкүндігінде Винченцо Нибали топ бастап тұр

25.07.2014
«Тур Де Франс» көпкүндігінде Винченцо Нибали топ бастап тұр

«Тур Де Франс» велокөпкүндігінің соңғы таулы кезеңінде «Астана» клубының капитаны Винченцо  Нибали жеңімпаз атанды.

Италиялық шабандоз мәреге 10 шақырымдай қалғанда суырылып шығып, соңына дейін басымдықты ұстап қалды.

Нибали осымен төртінші мәрте  «Тур Де Франс» жарысында жеңіске жетіп отыр.

145 шақырымға созылған кешегі жарыс жолында француз  велошабандозы Тибо Пино екінші келді. Ал, үздік үштікті поляк Рафал Майка қорытындылады. Осы жеңістен кейін жалпы есепте Винченцо Нибали жеке-дара көш бастап тұр.

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу