Cпорттық карьерамды «Астана» командасында аяқтағым келеді - Винченцо Нибали - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cпорттық карьерамды «Астана» командасында аяқтағым келеді - Винченцо Нибали

22.08.2014
Cпорттық  карьерамды  «Астана»  командасында   аяқтағым  келеді - Винченцо Нибали

«Команда  «Тур де Франстың»    бірінші  кезеңінен  бастап  жақсы  нәтиже  көрсетті.   Көп  ұзамай  келесі  кезеңде  жеңіске  жеттік.  Бұл  айтулы  жеңістің  басқарушысы   Александр  Шефер  болды»  - деді  Винченцо Нибали.

Италиялық   велошабандоз   «Тур де Франс-2014»  көпкүндігінде  жеңіске  жетуге  жағдай  жасағаны  үшін  әріптестеріне  алғысын  жеткізді. 

«Алайда,  бұл  менің  спорттық  карьерамның  бастауы.  Әрі  қарай  жұмыс  істеймін.  Биыл   Әлем  чемпионатына  қатысамын.  Тактика  нұсқалары  туралы   кейін  айтармын.  Келісімшарт  2016  жылға дейін.  Алайда,  мен  спорттық  ғұмырымды  «Астана»  командасында  аяқтағым келеді» - дейді  В. Нибали.

Естеріңізге  сала  кетейік, «Астана»  капитаны  Винчецо Нибали  «Тур де Франс-2014»  жарысында   жеңіске  жетті. 

Хабарламаларға жазылу