Винченцо Нибали «Тур де Франстың» 8-ші кезеңінде үшінші болып келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Винченцо Нибали «Тур де Франстың» 8-ші кезеңінде үшінші болып келді

13.07.2014
Винченцо Нибали «Тур де Франстың» 8-ші кезеңінде үшінші болып келді

«Тур де Франстың» 8-ші кезеңінде «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибали үшінші болып келді. Қашықтығы 161 шақырым болған бұл кезеңде «AG2R» клубының өкілі француз Блель Кадри бірінші болып келді.

Одан 2 минут 17 секунд қалып келген «Тур де Франстың» екі дүркін жеңімпазы (2007, 2009) Альберто Контадор («Tinkoff-Saxo» командасы) екінші болды.

Ал, «Астана» капитаны италиялық Винченцо Нибали мәре сызығын үшінші, австралиялық Риччи Порт төртінші болып кесті. Жалпы есепте «Астана» велоұжымының өкілдері Винченцо Нибали  мен Якоб Фульсанг бірінші және екінші орында келе жатыр. 

 

Хабарламаларға жазылу